$ 443.85  474.3  4.8

Владимир Божко Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы» - азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған облыс әкімі А.Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары бірлестігінің төрағасы Владимир Божко қатысты.

Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерін жергілікті деңгейде ұлтаралық қатынастар саясатын жүзеге асыру арқылы орындау  шараның басты тақырыбы болды. Сонымен қатар биылғы жылы құрылғанына 25 жыл толып отырған облыстық орыс орталығының ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға қосып отырған үлесі де атап өтілді.

- Бағдарламалық мақаладағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыста арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына 60 адам кіреді. Олардың қатарында қоғам және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Комиссия жұмысы алты бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыс біздің рухани құндылықтарымызды, бай тарихымызды танытып, насихаттауы тиіс. Әрбір бағыт бойынша тиісті жауапты тұлғалар бекітілген. Бір ғана Ассамблеяның өзі 200-ден астам шара өткізді, - деді Амандық Баталов. Сондай-ақ өңір басшысы облыстағы этно-мәдени орталықтардың жұмысына ерекше тоқталды.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко:

- Тәуелсіздік алған жылдардан бері этномәдени бірлестіктердің баршасы бірігіп Президентіміз үнемі айтатын бейбітшілік, келісім, достық деген ең басты байлығымызды еселеуге өз үлестерін қосып келеді. Татулықсыз бүгінгідей биіктерді бағындыра алмас едік. Барлық жетістіктеріміздің бастауында бейбітшілік пен келісім тұрғанын білеміз. Қазір еліміздің барлық аймақтарында көптеген этномәдени орталықтар өз мерейтойларын атап өтуде. Бұл бізде этностар мәдениетінің дамып жатқанын көрсетеді, - деді өз сөзінде.

Рухани жаңғыру мәселесіне қатысты өзге де қатысушылар пікір қосып, ой өрбітті. Олардың қатарында «Орыс, славян және казак ұйымдарының бірлестігі» төрағасының орынбасары, әскери-патриоттық «Жас жауынгер» клубының жетекшісі, Владимир Шацков, Қазақстан Республикасындағы Ресынтымақтастық өкілі, Алматы қаласынан Ирина Переверзева және басқалары бар. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көпшілікті осы шарадан кейін өтетін Славян мәдениеті мен жазуының фестиваліне шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары