$ 498.34  519.72  4.85

Н.Назарбаев Тегерандағы лаңкестікке байланысты Иран басшысына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Тегеран қаласындағы ел парламентінің ғимараты мен имам Хомейни кесенесі аумағындағы террорлық актілер салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   

«Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған халықаралық терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін қатаң айыптаймыз.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін», – делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары