$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облыстық прокуратурасының басшысы қызметтен кетті

Қарағанды облыстық прокуратурасының басшысы Ыбрай Тілеуғалиев өз еркімен қызметінен кетті деп жазады Қазақпарат. Оның қызметтен неліктен кеткені әзірге белгісіз.

«Бас прокурор Жақып Асановтың бұйрығымен Қарағанды облысы прокуроры қызметіне уақытша әділет аға кеңесшісі Марат Исламханұлы Сексенбаев тағайындалды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Марат Сексенбаев 1979 жылы Арқалықта туған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысындағы Совет ауданы прокуратурасынан бастады. 2002-2003 жылдары Бас прокуратураның бақылау-сараптама бөлімінде аға прокурор қызметін атқарды.  2003 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіндегі ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2004-2008 жылдары Бас прокурор аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық-бақылау ақпараттары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Бас прокуратура аппаратының заң шығару қызметі саласындағы Бақылау басқармасының бірінші бөлімінің басшысы болып тағайындалып, одан кейін аппараттың заң шығару қызметі саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметіне ауысты. Соңғы қызметі - Бас прокуратураның бірінші департаментінің басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары