Қазақстанның туризм саласын дамутымен енді арнайы құрылған ұолттық компания айналысатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
"Үкімет қаулысымен "Қазақ Туризм" АҚ компаниясы құрылды", - дейді Мұхамедиұлы.
Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстанның шетелдегі турситік әлеуетін арттыру. Екіншісі - инвестиция тарту.
"Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше", - деп түсіндірді министр.
"Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады", - деп аяқтады ол.