$ 498.34  519.72  4.85

Н.Назарбаев: «Ширек ғасырда еліміздің сыртқы саясаты толық қалыптасты»

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы биыл еліміздің сыртқы саясат саласы үшін мерейлі меже болып саналатынын, осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның дипломатиялық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын атап өтті.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тәжірибеміз де, өзіміздің дипломатиялық қызметіміз де болған жоқ. Дипломатиялық кадрлардың тапшылығы ерекше байқалды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл проблемалар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тұспа-тұс келгенін айтты.

– Қысқа уақыт ішінде дипломатиялық корпус құрып, өз елшілерімізді шет елдерге жіберуге мүмкіндік алдық. Міне, ширек ғасырдан кейін еліміздің сыртқы саясаты толық қалыптасты деп айта аламын, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті егемендігіміздің алғашқы жылдарында елімізде аумақтық тұтастығымыз бен ұлттық тәуелсіздігімізді сақтап, қауіпсіздігіміздің берік кепілін қалыптастыра алғанымызды атап өтті.

– Қазіргі кезде Астана халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып саналады және әлемдегі стратегиялық тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосып келеді, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік экономикалық интеграция мен кооперация аясында түрлі жобаның бастамашысы болып саналатынын айтты.

– Жалпы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан көпвекторлы сыртқы саясат пен еліміздің халықаралық бастамалары әлемде кең қолдауға және танымалдылыққа ие болды, – деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 49 елдің елшілігі мен консулдықтары бар. Олардың 26-ы Астанада болса, қалғандары Алматы мен өзге ірі қалаларда орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары