$ 498.34  519.72  4.85

Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев вице-премьер қызметіне тағайындалды

Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары қызметіне тағайындалды. Президенттің осынау жарлықтарға қол қойғаны туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Еске салайық, Асқар Жұмағалиев бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ны басқарған болатын. 

Ол 1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған. Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қаласы) бітірген. Әр жылдары "Жарық" ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, "Қазақтелеком" АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.

Ерболат Досаев осы қызметке дейін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басшысы қызметін атқарған болатын. Ал оған дейін 2014 жылдың тамыз айынан ұлттық экономика министрі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары