$ 448.15  483.46  4.86

Дәурен Абаев ақпарат саласына қатысты жаңа заңның ең көп талқыланған нормаларын түсіндірді (ВИДЕО)

Елімізде ақпарат және байланыс саласына қатысты жаң заң жобасы жақын күндері бекітіледі деп күтілуде. Аталған құжат бекітілместен бұрын Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев оны қоғамның талқысына салып көрген болатын. Нәтижесінде жобаның кейбір нормалары БАҚ өкілдері арасында қызу талқыға түсіп, көзқарастар екіге жарылған еді.

Бүгін министр Абаев осы көп талқыланып, қоғамдық пікірді екіге жарған нормаларға қатысты түсінік беріп, видеомәлімдеме жасады. Аталған бейнеролик министрдің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында орналасқан.

Дәурен Абаев жаңа заңда қарастырылған жеке бастың құпиясын сақтауға қатысты нормаға ерекше тоқталып отыр. Оның айтуынша, жеке бастың құпиясы, дәрігерлік құпия, банктік құпия, коммерциялық құпия және бала асырап алу құпиясын сақтау нормалары еліміздің бұған дейінгі заңдарында бекітілген. Сондықтан, мұндай құпияларды тұлғаның келісімінсіз жариялауға болмайды дейді Д.Абаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары