$ 448.89  477.93  4.76

Қанат Бозымбаев Премьердің бензин бағасына қатысты сұрағына жауап бере алмады

Қазақстан Премер-министрі Бақытжан Сағыньаев монополияға қарсы қызмет өкілдеріне елдегі жанармай бағасын тексеруді тапсырды. Өйткені, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Премьердің жанармай бағасына қатысты қойған сауалына жауап бере алмады.

Бүгін Үкіметте өткен жиында Қанат Бозымбаев АИ-92 жанармайының импортын қараша айында 30 пайызға дейін, желтоқсанда тағы 20 пайызға азайтатынын айтқан болатын.

«Біздің болжам бойынша, жанармай нарығындағы жағдай қазан айынын бастап желтоқсанға дейін өз бақылауымызға өтеді. Қазан айында жағдай реттеледі. Дизельдік отын нарығында да тура осындай көрініс. Жыл басында оның бағасы 13 пайызға қымбаттаған болатын», - деді Бозымбаев өз баяндамасында.

Ал, Премьер-министрдің баға қашан арзандайды деген сауалына Энергетика министрі жарытып жауап бере алмады. Тек «бағаны тұрақтандырамыз» деуден әрі аса алмады.

«Бақытжан Әбдірұлы, баға Ресейден алатын 20 пайыз жанармайдың бағасына байланысты болады. Егер, қазіргіше тоннасына 560 доллардан тқлесек, ьаға арзандауы мүмкін. Ал, егер бағаны Ресей өсірсе, бізге де ол тікелей әсер етеді», - деді Қ.Бозымбаев.

Алайда, Үкімет басшысы оның сөзін соңына дейін тыңдамай, Ұлттық экономика министрі Сүлейменовке бөлек тапсырма берді.

«Тимур Мұратұлы, монополияға қарсы қызметтер жағдайды бақылауға алып тексерсін», - деп бұйырды Сағынтаев.

Айта кетейік, жанармай бағасы Қазақстанда осыдан бірер күн бұрын тағы қымбаттап, АИ-92 маркалы бензин 151-153 теңге аралығында сатылып жатыр. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жақын күндері бұл көрсеткіш 157 теңгеге жететінін болжап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары