$ 448.89  477.93  4.76

Ауғанстаннан келген студент Дональд Трампқа Назарбаев арқылы сәлем жолдады (ВИДЕО)

Ауғанстаннан Қазақстанға келіп оқып жүрген студент президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады. Youtube желісінде жарияланған видеоүндеуінде ол елбасынан өз елінде болып жатқан соғыстың тоқтауына жәрдемдесуін өтініпті.

«Сәлеметсіздер ме! Мен Ауғанстандағы соғыстан тірі қалдым. Жақындарымның өлімін көрдім. Әкемнің көз жасын көрдім. Қарындасымды мектепке жіберуге де қорқатынмын. Себебі, оның үйге дін-аман оралатынына кепілдік жоқ. Мен ешкімге кек сақтамаймын. Сабыр етемін. Қазір Қазақстанда білім алып жатырмын. Мұнда түрлі ұлт өкілдерімен араласуды үйрендім. Туған жерімнің де Қазақстан сияқты ел болғанын қалаймын», – дей келе ол АҚШ президенті Дональ Трампқа соғысты тоқтату жайлы өтініш айтты.

«Дональд Трамп мырза, сіз ұлы елдің президентісіз. Әлемдегі ең ғажайып адамсыз. Соғысты тоқтатыңызшы. Ауғанстанның бейбіт өмірінің қайтып қалпына келуіне жәрдемдесіңізші. Сіздің қолыңыздан келеді», – деп сөзін жалғады студент.

Ауғанстандық Хафиз хан сөз соңында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан да көмек сұрады.

«Құрметті, Нұрсұлтан Назарбаев, сіз әлемдік деңгейдегі көшбасшысыз. Сіз талай кикілжіңде бітімге шақырдыңыз. Астанада Сирия мәселесінің талқыланғанын бәрі көрді. Жаңалықтан сіздің Дональд Трамппен кездесетініңізді естідім. Менің өтінішімді АҚШ президентіне жеткізіңізші, өтініш», – деп сөзін тәмәмдаған студент жастарды өзі ұйымдастырған «Жастар бейбітшілік үшін» флешмобын қолдауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары