$ 447.4  477.55  4.76

Өскемен әкімі көшелердің қарын тазалауға өзі шықты (ВИДЕО)

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев демалыс күндері аяқты аспанға көтеріп үйінде жатпай көшеге шығып қар тазалады. Күрекпен емес, арнайы техниканың (грейдер) көмегімен. Грейдер салонында түсірген видеороликты ол өзінің Instagram-парақшасына жариялаған.

Бұл видеоны әкім мақтану үшін түсірмегенін, тек "Өскемен Тәртіп" тазалық компаниясының күнделікті жұмысын көрсеткісі келгенін айтып отыр.

"Бұл былтыр әкімнің бастамасымен сатып алынған су жаңа төрт грейдердің бірі. Олар үнемі көшеге шығып, жұмысын істеп келеді: қар тазалайды, жол жиектерін ашады, мұзды жарып, жолды кеңейтеді", - дейді компанияның басшысы Тамара Рахымжанова.

Оның айтуынша, грейдерді жүргізіп, онымен қар тазалау оңай шаруа емес. Машинада кнопкалар мен рычагтар саны өте көп. Оның үстіне техниканың өткір бұрышын дәл есептей білмесе оның бұзылуы әбден мүмкін. Сондықтан, бұл кәсіппен айналысуға техниканың тілін білетін мамандар, механика мен физика салаларын меңгерген тәжірибелі жүргізушілер қажет. Ал, Қуат Тумабаевта бұл тәжірибелер жетіп артылады екен.

Еске салайық, Өскемен әкімі былтыр жазда Қабанбай батыр ескерткішін өрт сөндіру шлангасымен тазалап жуған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары