$ 444.22  476.38  4.82

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына алғыс айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, еліміздің жарқын болашағына сенім білдірген қазақ халқына алғыс айтты.

«Мен ризашылық бәрінен жоғары тұрады деп сенемін. Еліміздің өркендеп өсуіне әр қазақстандық өз үлесін қосты. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан сіздермен бірге өтіп келе жатырмыз. Елдің барлық этномәдени бірлестіктеріне ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Тәуелсіздігіміз үшін жасалған әрбір маңызды сәттерде әрдайым қолдау көрсеткен халқыма алғыс айтамын», – деді Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

Елбасы  Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты бой көтерген монументтің ерекшелігін атап өтті. Ол қиын заманда басқа этникалық топтарға да көмек көрсетіп, қанатының астына алған қазақ халқының жүрегі кең екенін айтып, түрлі ұлт өкілдерінің атынан алғыс білдірді.

«Бұл айтуға оңай сияқты көрінеді. Ал бұл біздің буын басынан кешкен оқиға. Сол кезде тауар вагондарымен лек-легімен Солтүстік Кавказдан, Шығыстан, Волгадан алып келіп, айдалаға тастап кеткен босқындарды қазақ халқы қанатының астына алған. Соның бірі менің әкемнің отбасы болатын. Сондықтан осылай өздері келген жұрт, этностар көңілін бөліп, ризашылығын білдіріп жатқаны қазіргі ұрпаққа ата-аналарының берген өсиеті деп санаймын. Ол үшін баршаларына рақмет айтқанымыз жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары