ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Оңтүстік Қазақстан облысында "зорланды" делінген 7 жасар балаға қатысты өз ойын айтты деп жазады Total.kz.
Депутаттың пікірінше, өңірдегі білім беру жүйелерінде тәртіп орната алмаған облыстық білім беру басқармасын басқарып отырғандарды қызметтерінен босату керек.
«Оңтүстік Қазақстан облысы ең маңызды өңірлердің бірі. Еліміздің әрбір төртінші тұрғыны ОҚО-да тұрады. Дәл осы оңтүстік жұрты алдағы уақытта елдегі ахуалға тікелей әсер ететін болады. Өйткені, олардың саны өте көп. Ал, осы ықпал ететін өңірде зорлық бар, қылмысты жабу бар» — деп ашуланды Мәжіліс депутаты.
Оның пікірінше, білім беру саласында өзгерістер жасау керек.
«Тек білім беру саласына өзгерістер енгізу арқылы ғана жағдайды реттеуге болады. Әрбір мектеппен, колледжбен жұмыс жүргізіп, мектеп директорлары мен орынбасарларының орындарын алмастыру қажет. Зейнет жасындағыларының орнына жас әрі білікті мамандарды әкелу керек басқа облыстардан. Тәртіп орната алмаған Білім басқармасының басшыларын орындарынан алып, тәртіп орнату қажет. Әрбір баламен жұмыс істеуіміз қажет», — деді Смирнова.