04.04.2018, 15:23

Дархан Қалетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дархан Аманұлы Қалетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын", - делінген Президенттің жарлығында.

Еске салайық, Дархан Қалетаев бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты болатын. Былтыр оның бастамасымен Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын.