08.11.2026, 05:30

«Мүлде амандаспаймын»: Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен араласпай кеткенін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Мұқасан тәкаппар адам екені сөзінен бұрын түрінде тұр".

"Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев "Жетінші арнаға" берген сұхбатында  Нұрланмен мүлде араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің ренжігені соншалық тіпті амандаспайтынын да айтты. 

"Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы", - деді ол. 

Өнер иелерінің арасына сызат түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Мұқасан тәкаппар адам екені сөзінен бұрын түрінде тұр", "Адам жауымен да амандасады", "Еркектің әңгімесі ме енді осы", "Сенсіз де Нұрланның таңы атады , бірақ амандасуға созған қолды алу керек, кісілігің кімге керек", "Мынаның есі дұрыс па", "Өр көкірек, тәкаппар адам амандаспайды", "Нұрлан бірінші болып қол беруі оның жақсы адам екенін көрсетеді. Жетісіпсің алмасаң", - деп жазды оқырмандар.