04.04.2018, 15:29

Нұрлан Ермекбаев Қауіпсіздік кеңесінде хатшылық қызмет атқарады

Бұған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып келген Нұрлан Ермекбаев бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқаратын болады.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев жаңа қызметке тағайындалды.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген Президенттің жарлығында.