Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып Әлия Рақышева тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Президенттің жарлығында.
Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген еді.