$ 447.4  477.55  4.76

Дональд Трамп Франция президентінің иығындағы қайызғақты қағып, ұятқа қалдырды (ВИДЕО)

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жары Меланья сейсенбіде салтанатты түрде Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның әйелі Брижитті Вашингтонда күтті. Меланьяның бетінен сүю бірден мүмкін болмады, оның телпегі кедергі болды. 

Кездесу барысында Ақ үй басшысы сонда тұрған адамдарға француз көшбасшысының иығында қайызғақтың тұрғанын айтып, күле отырып сүртіп тастады. 

"Барлығы да біздің қарым-қатынасымыздың жақсы екенін айтады, ол рас. Бұл жалған жаңалық емес. Шынымен де бұл өтірік емес. Сіздің осында келуіңіз, біз үшін үлкен құрмет. Ал қазір мен мына кішкентай қайызғақты сүртіп тастайын... Біз оны мінсіз етуіміз керек. Ол күмәнсіз. Сонымен, сенімен бірге болу үлкен құрмет, сен ерекше доссың. Рақмет", - деп жазады L!FE президенттің сөзін. 

Осыдан кейін Трамп дәстүрлі түрде өз әріптесімен қол алысты. 

Деркккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары