Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Марат Иғалиев 1974 жылғы 31 тамызда Атырау облысында туған. «Тарих және география пәні мұғалімі» мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтын (1991), «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын (1999), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын үздік аяқтады, саясат ғылымдарының кандидаты.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі болды.