Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы перспективаларына арналған жоспарлары жөнінде баяндалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының барлығына қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.
– Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыру, технологиялық үдерістерді цифрландыру, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде, – деді Қазақстан Президенті.
Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуалы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.