$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып Ақан Әбдуәлиев тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Облыс әкімі Амандық Баталов өңір активін жаңа орынбасарымен таныстырды. Президент әкімдігінің келісуімен және әкімнің өкімімен бұл лауазымға Ақан Әбдуәлиев тағайындалды. Өңір басшысы әкім орынбасарының алдына қойылған бірқатар міндетті атап өтіп, олардың кейбірін қысқа мерзім ішінде орындау керек екенін айтты», - делінген хабарламада. 

Ақан Әдуәлиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған. 

Кей жылдары Сүйінбай атындағы облыстық филормонияда, Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде солист, Құрманғазы атындағы Қазақ өнер академиясында оқытушы, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының «Дәстүрлі ән» кафедрасында декан қызметін атқарды.

2008-2015 жылдар аралығында Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында музыкалық жұмыстар бойынша директор, кейін мектеп-интернатының директоры болды.

2015 жылы 16 қаңтарда мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары