$ 449.58  486.94  4.86

56 жаста: Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді туған күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді туған күнімен құттықтады деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Зайроллаұлының туған күні. Оны құттықтайық", — деді Назарбаев жаңа парламенттік маусымның ашылуында. 

Қос палатаның депутаттары орындарынан тұрып, ду қол шапалақтады.

Нұрлан Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 2016 жылдың 22 маусымынан бастап ҚР парламенті Мәжілісінің төрағасы. Үйленген. Үш баласы, төрт немересі бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары