$ 482.86  533.17  5.08

Резюмесі қоғамда дау тудырған вице-министр Дана Жүнісова өз еркімен қызметінен кетті

Еңбек өтілі қоғамда біраз туғызған Дана Жүнісова Ұлттық экономика вице-министр қызметінен өз еркімен кетті деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Д. Жүнісова берген өтініміне сәйкес қызметінен босатылды делінген аталған хабарламада.

Дана Жүнісова 2018 жылдың 27 сәуірінде ғана министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ол халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда мәселелеріне жетекшілік ететін болған. Вице-министрдің не себепті қызметтен кеткені белгісіз.

Дана Жүнісованың еңбек өтілі жария болған кезде қоғам бір шулап алған болатын. Өйткені, ол 2003 жылы мектепті бітіре сала, яғни 18 жасында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына жұмысқа тұрған. Артынша "Астана-Финанс" АҚ-да еңбек етіпті.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ жұмыс істеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары