$ 443.35  475.54  4.82

Алматылық тестілеу залдары өз шекараларын кеңейтті

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азмататтарды тестілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың сапасын көтеру үшін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жұмыс станцияларын 28-ден 80-ге дейін ұлғайта отырып тестілеу залдарын ашты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қрасы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Абайұлы Бектенов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында тестілеу залдарын көріп, Агенттікпен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру бойынша кешенді тапсырмалардың іске асырылып жатқандығын және қосымша тестілеу залдарының ашылуы азаматтардың қанағаттанушылық көрсеткішінің жақсартуына септігін тигізетіндігін атап өтті.

Бұрынғы тестілеу залы тек 28 жұмыс орнын қамтитын, бірақ аталған қызмет көрсетуге сұраныстың жоғарылығына байланысты үміткерлер басқа облыс орталықтарынан тестілеуден өтуге мәжбүр болатын.

Жаңа тестілеу залдары компьютерлермен, веб-камералармен, интернетпен жабдықталған және қорғалатын VPN – каналы арқылы орталық бейнебақылауға жалғанған.

Тестілеу залдарында әкімшілік және құқық қорғау қызметіне үміткерлер үшін қазақ және орыс тілдерінде сынамалы тестілеулер өткізіледі, ол үміткерлерге өз білімдерін объективті түрде бағалауға, психологиялық кедергілерден өтуге және жалпы алғанда құқықтық сауаттылығының артуына көмектеседі.

Халықтың ұсынысын қанағаттандыру үшін 2019 жылы жаңа залдарда құқық қорғау қызметінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясына, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-на, «Атамекен» ҰКП-на кіруге тестілеуден өткізу жоспарлануда.

Бұған қоса, Британ Кеңесімен келісім аясында АССА сертификациясы және ағылшын тілін білуге IELTS компьютерлік емтихандарын өткізуге мүмкіндік туады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары