$ 494.87  520.65  4.91

Сара Назарбаева 78 жасқа келді

12 ақпан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның туған күні. 

Сара Алпысқызы 1941 жылы Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Бүгін ол 78 жасқа келді. 

Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан ол 3 қыз баланы өмірге әкелді. 

1992 жылдан бері Сара Алпысқызы «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын басқарып келеді. 

1994 жылдан «505 – Қазақстанның балалар ауылы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының, 1999 жылдан «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып қызмет атқарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары