$ 514.65  544.6  5.17

Асқар Мамин премьер-министр боп тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды", - деп жазылған Ақорданың твиттердегі парақшасында.  

Айта кетсек, 21 ақпан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Сағынтаев үкіметтің тізгінін екі жарым жыл ұстады. 

Конституцияның 44-бабына сәйкес, президент мәжілістің қарауына ҚР премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары Маминнің кандидатурасын мақұлдады. 

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді.

1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, ал 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады.

Өзінің еңбек жолында біраз лауазымды қызмет атқарды. Әр жылдары көлік және коммуникациялар министрі, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті болды.

Премьер-министр болып тағайындалғанға дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Әскери шені – запастағы полковник; Үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары