Президенттікке үміткерлерді тіркеу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Енді 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу кампаниясы басталады, деп хабарлайды Алтайньюс.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының лауазымына 7 адам үміткер болып отыр:
1. Nur Otan партиясынан -Қасым-Жомарт Тоқаев;
2. "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігнен – Сәдібек Түгел;
3. "Ақ жол" демократиялық партиясынан – Дания Еспаева;
4. Кәсіподақ федерациясынан – Амангелді Таспихов;
5. "Ауыл" партиясынан – Төлеутай Рахымбеков;
6. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан – Жамбыл Ахметбеков;
7. "Ұлт тағдыры" қозғалысынан – Әміржан Қосанов.