Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты деп хабарлайды Primeminister.kz.
Айта кетейік, осынау жиынға Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзі қатысуы тиіс болатын. Алайда, сырқаттанып қалуына байланысты Елбасы Армения сапарынан бас тартты.
"Ереванда өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жиындарына Қазақстан Республикасының премьер-министрі қатысады. Ал, Президенттің бұдан кейінгі жұмыс жоспары кестеге сәйкес жүргізілмек", - дейді ҚР Президентінің бапсасөз қызметі.