$ 443.85  474.3  4.8

Н.Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Оңтүстік Кореяда ресми іс-сапарда болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта жұмыстың қауырттығынан ұйқыны ұмытқанын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен үнемі қызметтемін, бұл менің жұмысым, сондықтан мен жұмыстан, мемлекет алдындағы, халық алдындағы жауапкершіліктен шаршамаймын. Алайда, сағат белдеулерінің ауысуы жұмыс режимін бұзады. Менің түсінгенім, бізге батысқа барғаннан, шығысқа барып, қайта оралған жеңілірек екен... Иә, шаршайсың, ұйқың қанбайды. Мен қазір небәрі 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін. Одан көп ұйықтай алмаймын. Бәлкім бұл да жақсы шығар, өзге уақыт белдеуіне үйреніп қалмай, елге келген соң қалыпты жағдайда жұмыс істей береміз. Ми жұмысын тоқтатпайды", - деді Мемлекет басшысы Сеулге жасаған сапарын қорытындылап.

Айта кету керек, Оңтүстік Корея астанасында өткен баспасөз жиынына қатысқан журналистердің бірі бірнеше елге қатарынан сапарлататын Назарбаевтың шапшаңдығына, іскерлігіне таң қалатынын айтып, "қалай үлгересіз?" деген сұрағын қойған болатын.

Назарбаев болса президентке шаршау деген ұғымның тән еместігін айтты.

"Командирдің үнемі алдыңғы шепте, ақ боз атта және дені сау болу керектігін естен шығарған емеспін. Бұл президенттің жұмысы. Бүкіл денсаулығыңды, өзіңді жұмысқа беруің керек. Тек солай ғана өзіме жүктелген міндеттің бәрін атқара аламын", - деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары