$ 444.32  473.33  4.76

Н.Назарбаев Бразилиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты

Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары