$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбритания Үкіметі ұстанымын құптамаған министр қызметінен кетті

Ұлыбританияның діни нанымдар мен қауымдастықтар министрі Саида Варси үкіметті Израиль елінің басқыншылық әрекетіне наразылық білдірмегені үшін айыптады, деп хабарлайды BNews.kz.

Израильдің Газаға шабуылдарына қарсы наразылықтар күшейіп келеді. Ұлыбританияның Израильге тиісті деңгейде қарсылық көрсетпегенін айтқан Саида Варси өз еркімен қызметінен кетті. Ол әлеуметтік желіге: «Бүгін таңертең премьер-министрге қызметтен кету өтінішімді бердім. Үкіметтің Газаға қатысты саясатын одан әрі жақтай алмаймын», деген жазба қалдырған. 

Айта кетейік, биыл қызметіне кіріскен Варси Ұлыбритания министрлер кабинетіне кірген алғашқы мұсылман әйел еді. 

Ол 2010-2012 жылдары Радикалдар партиясының тең төрағасы болған, 2007 жылдан бері Лордтар палатасының мүшесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары