$ 494.87  520.65  4.91

Саудияның еркектеріне 4 елден қыз алуға шек қойылды

Сауд Арабиясында ел билігі еркектерге төрт елдің азаматшаларымен неке құруға тыйым салды. Саудия азаматтары енді Чад, Пәкістан, Мьянма мен Бангладеш азаматшаларына үйлене алмайды, деп хабарлайды «РИА Новости».

Мекке қалалық полициясының басшысы, генерал Исама аль-Карашидің айтуына қарағанда, аталған төрт ел азаматшаларының саны бүгінде Саудияда жарты миллионнан асып кеткен.

Ендігі жерде үйленгісі келген күйеу жігіт кем дегенде 25 жаста болу керек. Ал егер оның бірінші әйелі болса, онда ол екінші әйел алуына жөні түзу себеп болуы қажет: егер бірінші әйелі обыр не Паркинсон ауруына шалдыққан болса, бедеу болса ғана екінші рет үйлене алады. Ал ажырасатын жағдайда ер адам неке бұзылғаннан кейін жарты жылдан соң ғана қайта үйлене алады.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы — абсолютті монархиялы ел, ол жерде заң шариғатқа негізделіп жасалған. Әр Сауд азаматының өміріне қатал регламент белгіленген: алкогольді ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға тыйым салынған. Ал зинақорлыққа барғандар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары