$ 494.87  520.65  4.91

ХАМАС Израильмен бейбіт келісімді одан ары жалғастырудан бас тартты

Бұған дейін Израиль жағы бейбіт келісімді Израильдің оңтүстігіне екі зымыран ұшырған палестиналық радикалдардың бұзғаны жөнінде мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Би Би Си

ХАМАС қозғалысы содырлар тобының көшбасшылары Газа секторында жұма күні сағат тоғызға дейін белгіленген Израильмен үш күндік бейбіт келісімді ұзартудан бас тартты.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бір айға созылған қақтығыс салдарынан 1700-ден астам адам қаза болды. Олардың көбі бейбіт тұрғындар.

Бейбіт келісім жарияланбай тұрып, Израильде бір ай шамасында «Мызғымас жартас» операциясы өткізілген.

Израильдің бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтінше, бұл операцияның негізгі мақсаты ХАМАС содырларының Израильге кіру ушін арнайы қазылған жерасты жолдарын жою еді.
Сондай-ақ, Израильде 67 израильдықтар мен бір Тайландтан келген жұмысшының қаза болғаның хабараланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары