АҚШ пен Еуроодақтың санкцияларына ұшыраған ресейлік Газпромбанк пен Россельхозбанк мемлекеттен көмек сұрады, деп хабарлайды «Азаттық».
Ресейлік «Ведомости» газетінің жазуынша, Россельхозбанк үкіметтен 100 млрд. рубль сұрап отыр. Ал, Газпромбанк болса Ұлттық әл-ауқат қорынан 40 млрд. рубльге өзіндегі маңызды деген акцияларын сатып алуын өтінген. Бұл ретте, банк тарапы санкциялар мемлекеттік іс-әрекеттеріне байланысты салынуына байланысты үкіметтен көмек алуға құқылымыз деген ұстанымда.
Аталған басылымның мәлімдеуінше, Ресей қаржы министрлігі банктерге көмек беруге қарсы. Министрліктің пайымынша, банктер санкция жағдайын дақпырт ретінде пайдаланып, мемлекеттің бар мүмкіндігінше қаржылай қолдауына ие болмақшы.