11.08.2014, 03:20

Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан туннель опырылып, ішінде 13 адам қалып қойды

Сурет: novostink.ru

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан туннель опырылып құлап, кем дегенде 13 адам жер астында қалды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түнде Шицян қаласы маңында болған. Агенттіктің хабаралуынша, жұмысшылар салынып жатқан туннель аузынан 600 метр қашықта болған..

Апат аймағына ауыр техника тартылып, ұтқарушылар мен жедел жәрдем шақыртылған.