Құранның екі нұсқасын өртеген азаматты Американың Мичиган штатының соты 400 доллар көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрледі, деп хабарлайды muslim.kz.
USA Today-дің хабарлауынша, Дирборн қаласының округтік сотының судьясы Сэм Сэлеми вандализмге қатысы бар деп танылған.
Әли Хасан Әл-Асади Кербел ислам орталығының маңайында Құранды өртеп, оның парақтарын желге ұшырғаны үшін әр Құранға 200 доллардан төлейтіндігін нақтылады.
Айта кетейік, қылмысты азамат Ирактың тумасы екен. Қазір христиандықты қабылдап, шіркеу баратын азаматтың айтуынша соңғы жылдары ол психологиялық ауруға шалдыққан. Соңғы бір жылдың ішінде ондаған Құранды өртегенін ол өзі мойындаған. Соңғы Құранды өртеу себебін ол Ислам орталығына келген бір кісімен арада болған кикілжіңімен байланыстырады.