$ 448.15  483.46  4.86

Кирсан Илюмжинов қайта сайланды

Норвегияның Тромсе қаласында Қалмақ Республиткасының бұрынғы президенті, ресейлік Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Thenews.kz.

«Халықаралық шахмат федерациясы президентінің сайлауы дүйсенбі күні норвегтің Тромсе қаласында өтті. Бұл жолы 52 жасар Кирсан Илюмжинов ФИДЕ президенттігіне қайта сайланды. Оның ендігі өкілеттігі тағы төрт жылға созылады», делінген ресми хабарламада.

Айта кетуіміз керек, ресейлік қалмақ азаматы Илюмжинов FIDE президенттігінің сайлауында әлемнің 13-ші чемпионы Гарри Каспаровтың жалғыз бәсекелесі болды.

Жеңімпазды Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путин құттықтады. Мұны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жеткізді.

— Президент Илюмжиновтің шахмат ойынын күллі әлемдегі сияқты Ресейде де кеңінен тарай беруіне еңбек сіңіретініне сенім білдірді, —деді Песков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары