Қайғылы нәтижеге ауру малдың етінен әзірленген кішкентай шұжықтардың кесірі әкелді, деп хабарлайды Интерфакс.
Еттің құрамынан қауіпті бактерия – листерия табылғаны анықталған соң, Данияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және балық аулау министрлігі Копенгаген қаласының сыртындағы шағын ет фабрикасын жауып, ондағы барлық өнімдерді тәркілеуге бұйрық берді.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, өткен жылдың қыркүйегінен бері листериоз жұқтыру бойынша 20 жағдай тіркелген, соңғы екі айда бұл дертке шалдыққандардың саны – 15 адам.
Листерия әсіресе балалар, қарттар мен иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін өте қауіпті, тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.