29.08.2014, 05:52

Түркияда министрлердің жаңа кабинеті жұмада сайланады

Сурет: vestiturkey.com

Түркияда премьер-министр Ахмет Давутоглумен министрлердің жаңа кабинеті жұмада сайланады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Түркияда 10 тамызда жалпы халықтық президент сайлауында елдің премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған 52% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, Р.Ердоған Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының отырысында салтанатты жағдайда ант қабылдады, содан кейін Чанкая президенттік сарайында 11-президент Абдулла Гүлден президенттік өкілеттікті қабылдап алу рәсімі өтті.

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне әлемнің шамамен 90-ға жуық елінің және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшілері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.