ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы келесі жылы бекітілуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Елшінің айтуынша, 2011 жылы Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Астанада өткен мерейтойлық отырысында сөйлеген сөзінде мұндай ұйымның болашақ даму әлеуетi мен оның нақты стратегиясы болуы тиiс екендiгiн атап өткен еді. «Бұл ұсыныс қолдау тауып, 2012 жылы ШЫҰ аясында оның жақын болашаққа арналған Даму стратегиясының негiзгi бағыттары қабылданған болатын. Өткен Саммит барысында шешiм қабылданып, Сыртқы iстер министрлерi кеңесiне 2025 жылға дейiнгi Даму стратегиясының жобасын әзiрлеу жұмысы тапсырылды», - дедi Ш.Нұрышев өз сөзінде.
Елшінің пікіріне сүйенсек, бұл Стратегия Ұйымның халықаралық саясаттағы орнын нақты белгiлеу үшін керек.
– Аталмыш Стратегия ұйымның даму өлшемдерi мен нақты бағыттарын қамтуы тиіс, бiз ШЫҰ-ның халықаралық саясаттағы орнын нақты белгiлеуiмiз қажет. Стратегияның жобасы дайын, енді ол құжатты ұйымға мүше мемлекеттермен келiсу ғана қалды. Бұл орайда келiссөздер жүргiзiлiп, жеке жұмыс тобы құрылмақ. 2015 жылдың шiлдесiнде Ресейде өтетiн Саммит барысында Стратегияны бекiтуiмiз мүмкiн, – деп түйіндеді өз сөзін Елші.