$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеу метросында вагон рельстен шығып кетті

Бүгін Мәскеу метросында орын алған апатты жағдайдан 80-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оқиға Мәскеу метросының Арбат-Покровск жолында болған. «Славянский бульвар» бекетінен «Парк Победы» бекетіне қарай 200 метр жерде метроның төртінші вагоны рельстен шығып кеткен. Жергілікті құқық қорғаушылардың «ИТАР-ТАСС» ақпарат агенттігіне берген алғашқы мәліметтеріне сәйкес, жарақат алған небәрі үш-ақ адам болатын.

Алайда, аталған агенттік үш адамның оқиға орнында қаза тапқаны жөнінде мәлімет таратып отыр, бірақ, бұл нақты мәлімет емес.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жолаушыларды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, жараланған жолаушылар үшін жедел жәрдем көлігі және медициналық тікұшағы бар 50 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр. Ал, метроның апатқа ұшыраған тұсына гидравликалық қондырғы жеткізілген.

Сондай-ақ, апатты жағдай өзге «Киев» және «Молодежная» бекеттерінде де метро қозғалысын тоқтатып қойды. Ондағы жолаушыларды тасымалдауға 66 автобус бөлінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары