$ 494.87  520.65  4.91

Ямал аралынан адам таңғаларлық әйдік шұңқыр табылды (ВИДЕО)

Ямал жартылай аралында газ және мұнай кен орындарына қызмет көрсететін ұшқыштар тікұшақта отырып жерден түпсіз терең алып апанды байқаған, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Табиғаттың ерекше бейнесін құр жібермеген олар алып шұңқырды видеоға түсіріп алыпты. Олар «түпсіз алып шұңқырдың үлкендігі сонша, оған бір уақытта бірнеше Ми-8 тікұшағымен қонуға болады» деп отыр.

Бұл шұңқыр қалай, қайдан пайда болғаны жайлы дерек жоқ. Бірақ жорамал жасаушылар әңгімені сан-саққа жүгіртіп отыр: атом бомбасы жарылған соң пайда болған, метеорид құлаған немесе жатпланеталықтар шабуыл жасаған, деп жазады rosbalt.ru.

Бұл видеоның авторы адамдар шұңқырдың жан-жағындағы жасыл желекті бір көргенде даланың шөбі деп қалулары мүмкіндігін, бірақ ол шөп емес, орман екендігін айтады. Осыдан-ақ тегіс жерде пайда болған бұл түпсіз шұңқырдың қаншалықты үлкен екенін болжай берсе болады.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың түбінде әлдене сарқырап ағып жатқан көрінеді және олар оның шуылынан құлақ тұнатынын жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары