15.07.2014, 12:05

Мәскеудегі метро апаты құрбандарының саны 19-ға жетті

Сурет: РИА Новости

Бүгін Мәскеу метросында болған апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 19-ға жетті, деп хабарлайды «РИА Новости».

Бұның алдындағы хабарламаларда Мәскеудегі Арбат-Покров метро желісінде болған апаттан қаза тапқандар саны бірде 3 адам, бірде 12, бірде 15 адам делініп келген еді. Қазіргі уақытта жараланғандар саны да күт артып, 140 адамнан асып кетті.

— Қазіргі уақытта жеті адамның денесі іздестірушілер бөлімшелеріне тапсырылды. Олардың 4-еуі ер адам да қалғаны әйелдер. Олардан бөлек, бірінші вагонда алты және екінші вагонда да алты адамның мәйіті жатыр, — деді РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеу қалалық департаменті бастығының орынбасары Александр Гаврилов.

Ал, Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин қаза тапқан адамдардың отбастарына 1 млн. рубльден көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі де метро апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтардың жоқ екендігін мәлімдеп отыр.