Малайзия азық-түлік құрамын халал стандартына сәйкесетіндігін жылдам тексеретін құрылғы жасауда, деп хабарлайды ummet.kz.
Селангора университеті ғалымдары қолға алған құрылғы ел тұтынатын өнімдер, косметика мен дәрілердің құрамын анықтайтын болады.
Нано-сенсорлық технология көмегі арқылы бұл аппарат өнімнен ислам шариғаты тыйым салған заттардың ең аз деген 0,001% болса да анықтай алады.
Нарықта осы тектес аппарат бұдан алдын енгізілгенімен, университет ректорының орынбасары доктор Ануар Ахмад соңғы үлгідегі құрылғы жоғарытехнология әрі нақты анықтайды дейді. Ал жаңа аппарат 2015 жылдың желтоқсанына дейін нарыққа шығады.