$ 448.15  483.46  4.86

Украинада апатқа ұшыраған жолаушыларының тізімі жарияланды

Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Украинаның шығысында құлаған лайнердің бортында 143 Нидерланды азаматы, 27 австралиялық, 22 малайзиялық, 12 индонезиялық, алты британдық, төрт-төрттен ГФР мен Франция азаматтары, үш бельгиялық және канадалық болған. Бұл мәліметтерді қолдарына жолаушылардың алдын ала тізімі түскен Star газеті келтірген.

Malaysia Airlines ұшағының тағы 58 жолаушының ұлты кім екені айтылмаған. Кейбір міәліметтер бойынша, олардың арасында 23 американдық болған. Бұдан басқа, бортта экипаждың 15 мүшесі болған. Олардың азаматтығы да белгісіз.

Malaysia Airlines авиакомпаниясы лайнерінің Донецк облысының аумағында құлауы туралы ақпарат мәскеу уақытымен 19:00-де келіп түсті. Қолдағы мәліметтерге қарағанда апат салдарынан борттағы барлық 295 адам (280 жолаушы және экипаждың 15 мүшесі) түгел қазаға ұшыраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары