Байқоңыр ғарыш айлағынан бес геккон, дрозофил шыбындары, саңырауқұлақтар мен басқа өсімдіктердің дәндерімен жабдықталған ресейлік «Фотон-М4» биоспутнигі ұшырылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Зымыран-тасығыш «Союз-2.1а» Байқоңырдың 31-ші алаңының старттық кешенінен сағат 00:50 мск (02:50 аст) сәтті ұшырылды. Ақпарат бойынша ұшу циклограммасына сәйкес, старттан шамамен сегіз жарым минуттан кейін сағат 00:58 мск (02:58 аст) биосерік зымыран-тасығыштан бөлініп кетті. Биосерік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшырылып отыр.
Ғарыштық апарат космоста екі ай болып, тірі ағзалы биокапсуласы жер бетіне қайта оралады.
Медицина-биология мәселелері институтында аталған биоспутник жөнінде ақпарат берілді. Институт мамандарының айтуынша, бұл тірі ағзаларға жасалатын тәжірибелік бағдарлама. Қазіргі таңда биоспутникте бес геккон бар, олардың төртеуі ұрғашы біреуі еркек. Сонымен қатар, дрозофил шыбындары мен саңырау құлақ өсімдіктерінің дән-дақылдары да бар. Оларды қолдану арқылы физиологиялық гравитация, экзобиологиялық, биотехнологиялық, радиобиологиялық, радиациалық диометрияға зерттеулер жүргізу көзделіп отыр.