АҚШ Сенаты Украинаны АҚШ-тың одақтасы ретінде қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды eizvestia.com.
Бұл заң жобасы бойынша Украина НАТО-ға мүше болмай-ақ Американың одақтасы бола алады. Сонымен қатар, Ресей Украинаға әскери қауіп төндірген жағдайда жаңа заң Американы Украина жеріне әскер кіргізуге міндеттейді.
Мұның алдында АҚШ әуе күштерінің 22 бомбалаушы ұшағының Румыния жеріне жеткізілгені мәлім болған еді.
Ресейден қорғану үшін дәл осындай мәртебе Украинадан бөлек, Грузия мен Молдоваға да беріліп отыр.
Соңғы оқылымда қабылдауға дайындау үшін жаңа заң жобасы профильді комиссияға берілді.