Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі малайзиялық «Боинг 777» ұшағы апатының тексеру жұмыстарына қатысты украиналық әріптестерінен қандай да бір ресми мәлімдеме алған жоқ. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз хатшысы мәлім етті, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Айта кетсек, кеше бираз ақпарат құралдары Украина басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасалған ақпарат таратқан болатын. Онда «Петр Порошенко Қазақстанды ұшақ қалдықтарын зерттеу жұмысына қатысуға шақырды» делінген.
«Аталмыш сайтта бірлескен тексеру жұмыстары жөнінде мүлде жазылмаған. Яғни ақпардың алғашқы дереккөзі белгісіз», делінген телеарна сюжетінде.
―Украина тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Сондықтан ешбір түсініктеме бере алмаймыз, ― деді СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.