$ 494.87  520.65  4.91

Нидерланд елі Boeing апатына байланысты 23 шілдені қаралы күн деп жариялады

Нидерландыда Украинада болған ұшақ апатына байланысты 23 шілде күні қаралы күн деп жарияланды. Бұл туралы шетелдік БАҚ Нидерландының премьер-министрі Марк Рюттеге сілтеме жасап хабарлап отыр.

Бұған дейін Рютте ұшақ апатынан қаза болғандардың денесі  Нидерландыға 23 шілде күні жеткізіле бастайтынын айтқан болатын.

Еске сала кетсек, 17 шілде күні Malaysia Airlines әуе компаниясының «Амстердам - Куала-Лумпур» бағытында ұшқан Boeing 777 ұшағы Донецк облысында құлаған. Бортында болған 298 адамның барлығы қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары