Джохар Царнаевтың досы - 21 жастағы Стивен Силва тұтқындалған болатын, деп хабарлады «Вести.Ru».
АҚШ полициясының мәлімдеуінше, ол Бостонда теракт жасаған ағайынды Царнаевтарға тапанша сатқан.
Қылмыскер дәл сол тапаншамен оқиғадан кейін, бірнеше күн өткесін Бостон маңында полицейді атып өлтірді деген болжам бар.
Силва есірткі сатумен айналысты және зауыттық нөмірлері өшірілген қару-жарақтарды саудалады деген күдікпен қамалған. Оның Бостондағы жарылысқа қатысы бар жоқтығы әзірге белгісіз. Ұсталған жігіт Джохар Царнаевтың сыныптасы әрі, досы екені анық.
Еске сала кетсек, 2013 жылы 15 сәуірде Бостон марафонында жарылыс болған. Онда 3 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақаттанған болатын.