$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

Бұл жолы Алжирдің жолаушылар ұшағының қайда кеткені белгісіз. Алжир астанасынан Буркина-Фасо еліне бет алған лайнермен байланыс үзілген, деп хабарлайды Baq.kz.

«Әуе навигациясы қызметінің мамандары бейсенбі күні Алжир қаласынан Уагадагу қаласына ұшып шыққан Air Algerie әуе компаниясына тиесілі ұшақпен байланысын жоғалтқан» делінген аталған компания таратқан мәлімдемеде.

Белгілі болғаны, байланыс лайнердің әуеге көтерілгенінен 50 минуттан кейін үзілген. РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жоғалған А320 ұшағында кемі 112 адам болған.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 8 наурызында тағы сол малайзиялық компанияның жолаушылар ұшағы ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Бүгін Алжир астанасынан Буркина-Фасо еліне бет алған лайнермен байланыс үзілген.

Айта кету керек, соңғы кезде жолаушылар ұшақтарына қатысты түрлі оқиғалар орын алуда. Күні кеше Тайваньда бортында 58 адамы бар лайнер апатқа ұшыраса, 17 шілде күні малайзиялық Боинг-777 ұшағын Украинада атып түсірді. Ол кезде лайнерде болған 298 адамның барлығы қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары